.
Үстіміздегі жылдың наурыз айының 19 жұлдызында Қарағанды обылысының білім беру басқармасының, «ҚТЖ Жүк тасмалдау» АҚ Қарағанды бөлімшесі филиалының, Қарағанды теміржол желі бөлімінің және Қарағанды теміржол колледжінің ұйымдастырылуымен Қарағанды теміржол колледжінде «Тепловоз машинист көмекшісі» мамандығы бойынша кәсіби білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы І халықаралық кәсіби шеберлік олимпиадасы өтті. Аталмыш олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімінде оқу әдістемелік даму орталығының басшысы Қожахметова Гүлсім Шабданқызы, «ҚТЖ Жүк тасмалдау» АҚ Қарағанды бөлімшесі филиалының басшысы Ибраев Марат Омарұлы өздерінің жылы лебіздерін білдірді, ал қалалық мәслихат хатшысы Бексұлтанов Құдайберген Бексұлтанұлы өз кезегінде: «Жастар біздің еліміздің болашағы. Сіздерді кәсіби шеберлік олимпиадасының басталуымен құттықтаймын, олимпиадаға қатысқандарыңыздың өзі жеңіс. Мұндай іс-шаралар арқылы болашақта өз мамандықтарыңыз бойынша қажет болатын үлкен тәжірбие алатындарыңызға сенімдімін» деп барлық қатысушыларға ақжол тіледі.
Қарағанды теміржол колледжінің әлеуметтік серіктестері Қарағанды теміржол желі бөлімінің бастығы, Қарағанды облыстық маслихат депутаты Майкыбеков Айдос Мұкатайұлы, Ағадыр механикаландырылған қашықтық жолдарының басшысы Қосубаев Назыр Қабылдаұлы, Қарағанды локомативті қолдану депосының басшысы Үмбетов Асан Ізтлеуұлы, Қарағанды теміржол көліктерінің жұмыскерлерін оқыту орталығының басшысы Карамышев Диас Айтжанұлы және қалалық мәслихат депутаты Искаков Мейрам Төлеуұлы ашылу салтанатының құрметті қонақтары болды. Бұл айтулы сайысқа көршілес Ресей елінің Тюмень, Киров, Екатеринбург, Челябинск, Камышлов, Нижний Тагил, Омск және Қазақстаннан Жезқазған, Теміртау, Ақтау, Павлодар қалаларынан он бір қатысушы мен Қарағанды теміржол колледжінен екі қатысушы бәсекеден тыс білімдерін көрсетті.
Кәсіби шеберлік олимпиадасы теориялық және тәжірбиелік турдан тұрды. Теориялық турда бәсекелестердің білімдері тест арқылы тексерілсе, тәжірбиелік тур екі бөлімнен тұрды: жылжымалы құрамды жөндеу жұмыстары және оқу жаттығу кешенінде маневр жұмыстарын жүргізді және тепловозды қабылдау мен оны басқару шеберліктерін көрсетті. Тәжірбиелік тур Қарағанды теміржол колледжінің базасында, Теміржол көліктерінің жұмыскерлерін оқыту орталығы мен «ҚТЖ Жүк тасмалдау» АҚ Қарағанды бөлімшесі филиалының локомативті қолдану депосының аймағында өтті. Тәжірбиелік бәсекелердің ойдағыдай өтуінің ұйымдастыруына белсене кіріскен «ҚТЖ Жүк тасмалдау» АҚ Қарағанды бөлімшесі филиалының локомативті қолдану депосының басшысы Үмбетов Асан Изтлеуовұлының және Қарағанды теміржол көліктерінің жұмыскерлерін оқыту орталығының басшысы Карамышев Диас Айтжанұлының елеулі еңбегін атап өтпеу мүмкін емес.
Екі күнге созылған сайыста қарсыластар бұл бәсекеге тыңғылықты дайындықпен келгендіктерін көрсетті. Соның нәтижесінде бірінші орынды «Омбы теміржол көлік техникумының» студенті Бобчинец Артем Сергеевич жеңіп алса, «Нижнетагиль теміржол техникумының» студенті Марушин Евгений Игоревич екінші орынды иемденді, «Жезқазған Бизнес және көлік колледжінің» студенті Зинченко Анатолий Анатольевич үшінші орынды қанжығаға байлады. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дипломдар табысталды. Басқа да жақсы білгірліктерін көрсеткен қатысушыларға алғыс хаттар мен сертификаттар берілді.
Дүбірлі доданың салтанатты жабылу рәсімі Ұлыстың ұлы күні наурыз мейрамымен жалғасын тапты. Алыстан келген қонақтар қазақ халқының салт дәстүрімен жақын танысып, ойын сауыққа, ұлттық ойындарға белсенділік танытып, қызығушылықтарын білдірді. Той думан мерекелік концертпен жалғасты.
Еліміздегі теміржол мамандығы бойынша кәсіби білім беру ұйымдарының білім алушылары арасындағы алғашқы халықаралық олимпиадның жоғары дәрежеде өтуіне Қарағанды теміржол колледжінің директоры Сапарова Әсел Сағынбайқызы мен осы мекеменің өндірістік оқыту жөніндегі директорының орынбасары Қилыбаев Мертай Башкенұлы үлкен еңбек атқарды.
И. О. зам. директора по профильному обучению Оськина Надежда Николаевна
Мастер производственного обучения Шалгынбаев Бактыбай Катжанович
Всего на сайте опубликовано 64091 материалов.
Посетители оставили 247099 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.