Қарқаралы ауданында «Жасыл ел» жастар жасақтарының ХХ еңбек маусымының салтанатты ашылуы өтті. Өңірлік Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырған іс-шараға Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен делегаттар қатысты.
«Жасыл ел» өңірлік штабының басшысы Сұлтан Шәймағанбет атап өткендей, биыл еңбек маусымының ашылуы алғаш рет облыс орталығынан тыс жерде өтуде.
«Биыл біз мерейтойымызды атап өтеміз. Жыл сайын бізде жалақыдан бастап фирмалық жабдықты жақсартуға дейінгі әртүрлі жаңа енгізілімдер бар. «Жасыл ел» жобасының өзі үлкен идеологиялық жұмысты атқарады, экологиялық мәдениеттілікті және жұмысшы мамандықтарға деген құрметтілігін қалыптастырады. Менің ойымша, бізде жұмыс істеген және жұмыс істейтін барлық жастар санасында өзгерістер байқалады. Олар қоқысты тастауға болмайтынын және тазалықты сақтау керек екенін түсінеді. Сонымен қатар, балалар мемлекет өміріне белсенді қатысу үшін Қазақстанның жастар саясатына тартылатын болады», — Сұлтанның айтуы бойынша.
Сондай-ақ спикер биыл Қарқаралы өзінің екі ғасырлық мерейтойын атап өтетінін айтты.
«Облыстық штаб атынан біз ХХ маусым әрқашан барлығының есінде қалуы үшін ауданға туризм нысандарын сыйлаймыз. Олар қазірдің өзінде салынған. Бұл Шайтанкөлге дейінгі экожол. Сондай-ақ біз бұлақты абаттандырып, жаңа көпір салдық. Биыл маусымдық жұмыспен 4800-ге жуық адам қамту жоспарлануда. Жалпы, жалақы, еңбекақы қоры, қатысушылар саны және еңбек жағдайлары бойынша Қарағанды облысы республика бойынша ең жоғары көрсеткішке ие», — бөлісті Сұлтан Шәймағанбет.
Ашылу 150-ге жуық адамды жинады. Қатысушылар «JasDauren» лагеріне орналастырылды.
«Олар үшін ойын-сауық бағдарламасы ғана емес, сонымен қатар «Таза Қазақстан» аясында қорықта экологиялық акция өткізілді. Балалар экологиялық мәселелер және тимбилдинг бойынша оқыту тренингтеріне қатысып, табиғи экомұражайға барды», — деді Шахтинск қаласының ЖРО директоры Алексей Варзаев.
«Bolashaq» академиясының студенті және Теміртаудан келген «Жасыл ел» сарбазы Зинаида Гартманның айтуынша, жоба оған туған қаланың дамуына өз үлесін қосып, жаңа таныстар табуға мүмкіндік берді.
«Жасыл ел» формирует экологическую культуру карагандинской молодежи
В Каркаралинском районе состоялось торжественное открытие ХХ трудового сезона молодежных отрядов «Жасыл ел». На мероприятии, организованном региональным Управлением по вопросам молодежной политики, присутствовали делегаты со всей Карагандинской области.
Как отметил руководитель регионального штаба «Жасыл ел» Султан Шаймаганбет, в этом году открытие трудового сезона впервые проходит за пределами областного центра.
«В этом году мы празднуем юбилей. Ежегодно у нас присутствуют различные нововведения, начиная с заработной платы и заканчивая улучшением фирменной экипировки. Сам проект «Жасыл ел» несет за собой большую идеологическую работу, формирует экологическую культуру, уважение к рабочим специальностям. Думаю, у всех ребят, которые работали и работают у нас, в сознании что-то поменяется. Они уже будут осознавать, что нельзя мусорить и надо соблюдать чистоту. Плюс ко всему ребята будут вовлечены в молодежную политику Казахстана, чтобы активно участвовать в жизни государства», — добавил он.
Спикер также добавил, что в этом году Каркаралинск отмечает свой двухвековой юбилей.
«От лица областного штаба мы дарим району объекты туризма, чтобы ХХ сезон всегда оставался у всех в памяти. Они уже построены. Это – экотропа до Шайтанколя. Также мы облагородили родник и поставили новый мостик. В этом году сезонной занятостью планируется охватить порядка 4800 человек. В целом, по зарплате, фонду оплаты труда, количеству и условиям труда Карагандинская область имеет самый высокий показатель по республике», — поделился Султан Шаймаганбет.
Открытие же собрало около 150 человек. Участников расположили в лагере «JasDauren».
«Для них была не только развлекательная программа, но и проведена экологическая акция в заповеднике в рамках «Таза Қазақстан». Ребята участвовали в обучающих тренингах по экологическим вопросам и тимбилдингу, посетили природный экомузей», — говорит директор МРЦ города Шахтинск Алексей Варзаев.
По словам студентки академии «Bolashaq» и бойца «Жасыл ел» из Темиртау Зинаиды Гартман, проект позволил ей внести свою лепту в развитие родного города и обрести новые знакомства.
Всего на сайте опубликовано 66316 материалов.
Посетители оставили 247284 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.