Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бегелдинов атындағы «Жас Ұлан» Қарағанды Республикалық мектебінің тәрбиеленушілері «Айбын» Х Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының жеңімпаздары мен Гран-при иегерлері атанды.
Жастардың әскери-патриоттық жиыны Құрлық әскерлерінің «Али» Әскери институтының Алматы оқу орталығында өтті және Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы, Халық қаһарманының Сағадат Нұрмағамбетовтың туғанына 100 жыл толуына орайластырылды.
Бір апта ішінде Әзірбайжан, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан құрамаларынан 750 адам үздік команда атағы үшін күресті.
«Жас ұлан» республикалық мектептері арасындағы әскери-қолданбалы спорт түрлеріндегі жарыстардың қорытындысы бойынша қарағандылық тәрбиеленушілер «Айбын дарыны» зияткерлік байқауында және пневматикалық мылтықтан атуда жеңімпаз атанып, бірінші орынға ие болды. Екінші орын — көлденен кермеге тартылу және автоматты бөлшектеу-жинау бойынша. Үшінші орын — әскерилендірілген эстафетада және арқан тарту бойынша.
Жиын ережесі бойынша бас жүлдені өз санаттарындағы үздік командалар қатысқан «Күшіміз бірлік» финалдық ойынының жеңімпазы алады. Бұл экстремалды жарыста Қарағанды қаласының Талғат Бегелдинов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің құрамасы жеңіске жетті. Осы команданың капитанына «Айбын-2024» X Халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынының Гран-приі табысталды.
«Жас Ұлан» мектептері арасында жалпы командалық есепте 1 орын үшін қарағандылық тәрбиеленушілер велосипед сертификатымен, ал жарыстың Гран-приі үшін — спорт сыныбына жабдықтар сертификатымен марапатталды.
Қарағандыда жеңімпаздарды «Астана» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері, «Жас Ұлан» мектебінің офицерлік-оқытушылық құрамы және тәрбиеленушілердің ата-аналары салтанатты түрде қарсы алды.
«Сіз халықаралық деңгейде мықты және ұйымшыл команда екеніңізді дәлелдедіңіз, жауынгерлік рух пен өз қабілеттеріңізге деген сенімділікті көрсеттіңіз. Сіздің жеңісіңіз-мектеп, ата-аналар және бүкіл өңір үшін мақтаныш», — деді «Жас Ұлан» Қарағанды мектебінің басшысы, подполковник Жанат Багжанов тәрбиеленушілерді жеңісімен құттықтады.
«Жас Ұлан» басшысы жеңімпаз балалардың ата-аналарына балаларды патриотизм рухында тәрбиелегені және оларды мектеп қабырғасында оқытуға деген сенімі үшін алғыс хаттар табыс етті.
Карагандинская молодежь стала лучшей на Международном военно-патриотическом сборе
Воспитанники Карагандинской Республиканской школы «Жас улан» имени дважды Героя Советского Союза Талгата Бегельдинова стали победителями и обладателями Гран-при Х Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын».
Военно-патриотический сбор молодежи проходил в Алматинском учебном центре «Али» Военного института Сухопутных войск и был приурочен к 100-летию со дня рождения Героя Советского Союза, Халық қаһарманы № 1 первого министра обороны Казахстана генерала армии Сагадата Нурмагамбетова.
В течение недели 750 человек в составе сборных из Азербайджана, Беларуси, Казахстана, Кыргызстана, России и Узбекистана боролись за звание лучшей команды.
По результатам состязаний в военно-прикладных видах спорта среди республиканских школ «Жас ұлан», Карагандинские воспитанники стали победителями и заняли первое место в интеллектуальном конкурсе «Айбын дарыны» и в стрельбе из пневматической винтовки. Второе место — по подтягиванию на перекладине и по сборке-разборке автомата. Третье место — в военизированной эстафете и по перетягиванию каната.
По положению сбора главный приз получает победитель финальной игры «Күшіміз бірлікте», в которой приняли участие лучшие в своих категориях команды. В этом полном экстрима состязании выиграла сборная республиканской школы «Жас ұлан» имени Талгата Бегельдинова города Караганды. Капитану этой команды и был вручен Гран-при X Международного военно-патриотического сбора молодежи «Айбын-2024».
За 1 место в общекомандном зачете среди школ «Жас Улан», карагандинские воспитанники были награждены сертификатом на велосипеды, а за Гран-при соревнований — сертификатом на оборудованный инвентарем спортивный класс.
В Караганде победителей торжественно встретили военнослужащие Регионального командования «Астана», офицерско-преподавательский состав школы «Жас Улан» и родители воспитанников.
«Вы на международном уровне доказали, что вы сильная и сплоченная команда, показали воинственный дух и уверенность в своих силах. Ваша победа — это гордость для школы, родителей и всего региона», — поздравил с победой воспитанников начальник Карагандинской школы «Жас Улан» подполковник Жанат Багжанов.
Начальник «Жас Улана» вручил родителям ребят-победителей благодарственные письма за воспитание детей в духе патриотизма и за доверие в их обучении в стенах школы.
Всего на сайте опубликовано 66459 материалов.
Посетители оставили 247306 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.