Жыл сайын өңірде жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін Қарағанды облысы әкімінің гранттары бөлінеді. 2023 жылы 2 миллион теңгеден алған 50 адам грант иегері атанды.
Олардың бірі – Гауһар Акижанова, ол бірнеше жылдан бері облыста бейімделген спортты дамытумен айналысады, оның ішінде «бочча» және жүзу. Оның «Тепе-теңдікті сақтау» (@velokb_krg) деген жобасы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған мамандандырылған велосипедтерде сабақтар ұйымдастыруға бағытталған.
«Менің қызымда БЦС бар, біз 4-ші жыл бойы велосипед тебіп жүрміз. Жоба идеясы басқа балалардың ата-аналары мұндай велосипедті қайдан сатып алғанымызды сұрай бастағанда туындады. Әркімнің оны сатып алу мүмкіндігі бола бермейді, сондықтан мен осындай сабақтарды өткізуді шештім», — бөлісті ол.
Гранттан түскен қаражатқа Гауһар әртүрлі көлемдегі үш велосипед сатып алды. Оның айтуынша, олар баланың бұлшықеттерін нығайтуға көмектеседі, оның психоэмоционалды жағдайына әсер етеді.
«Мұнда БЦС, Даун синдромы, аутизм, бұлшықет проблемалары бар балалар айналыса алады. Бізде бір бала бір айдан астам айналысып жатыр, қазірдің өзінде жақсы жорғалай бастады. Өйткені, бұл жүруге еліктеу. Бала аяғының астында тірек сезінудің не екенін түсінеді. Балаларға қызықты болу үшін біз жол белгілері бар аймақты арнайы жасадық», — дейді грант иегері.
Сондай-ақ, облыс әкімінің грантын «Қабырғалардағы көркем өрнек. Муралдар» (@fx_insite) жобасымен Айдар Мунайтбасов алды. Оның «AirG» тобы Қарағандыдағы түгелге жуық муралдарды салумен танымал.
«Біз бүкіл ел бойынша 30-дан астам мурал жасадық. Біздің топта шамамен 7 адам бар. Суретші үшін муралдар маңызды мәселе», — деді ол.
Гранттың арқасында Айдар суретті қабырғаға тасымалдауға көмектесетін қуатты проекторға және графикалық планшетке ие болды. Қазір суретшілер «Абзал» СҮ жанындағы жобамен айналысып жатыр. Олар қалада тағы екі мурал салуды жоспарлап отыр.
«Бізді жобалардың шығармашылық бастамасы ынталандырады. Біз жағымды бейне жасау үшін елдің қалалары мен аймақтарын безендіруге тырысамыз. Жаңа және қызықты нәрсені ендіреміз деп ойлаймын. Барлығы біздің тұрғындар үшін», — атап өтті грант иегері.
Поддержка молодых предпринимателей открывает новые горизонты возможностей
Ежегодно в регионе выделяются гранты акима Карагандинской области для развития молодежного предпринимательства. В 2023 году обладателями грантов стали 50 человек, получившие по 2 миллиона тенге.
Одна из них – Гауһар Акижанова, которая уже не первый год занимается развитием адаптивного спорта в области, к примеру, «бочча» и плаванием. Ее проект – «Сохраняя равновесие» (@velokb_krg) – направлен на организацию занятий на специализированных велосипедах для детей с ограниченными возможностями.
«У моей дочери ДЦП, и мы уже 4-й год катаемся на велосипедах. Идея проекта зародилась, когда родители других детей начали спрашивать, где мы купили такой велосипед. Не у всех есть возможность его приобрести, поэтому я решила проводить такие занятия», — поделилась она.
На средства с гранта Гауһар приобрела три велосипеда разных размеров. По ее словам, они помогают развивать мышцы ребенка, влияют на его психоэмоциональное состояние.
«Здесь могут заниматься дети с ДЦП, с синдромом Дауна, с аутизмом и те, у кого есть мышечные проблемы. Один ребенок у нас больше месяца занимается и уже начал хорошо ползать. Ведь это – имитация ходьбы. Ребенок понимает, что такое чувствовать под ногами опору. Чтобы детям было интереснее, мы специально оформили зону с дорожными знаками», — говорит Гауһар Акижанова.
Грант акима области получил также Айдар Мунайтбасов с проектом «Художественная роспись стен. Муралы» (@fx_insite). Его команда «AirG» известна тем, что нарисовала почти все муралы в Караганде.
«Мы сделали более 30 муралов по всей стране. В нашей команде порядка 7 человек. Для художника муралы – это значимое дело», — считает он.
Благодаря гранту Айдар приобрел мощный проектор, который помогает переносить рисунок на стену, и графический планшет. Сейчас художники работают над проектом близ ТД «Абзал». В планах у ребят нарисовать еще два мурала в городе.
«Нас мотивирует творческое начало проектов. Мы стараемся украсить города и регионы страны, чтобы создавалась приятная картина. Привносим что-то новое и интересное, я думаю. Все для наших жителей», — добавил Айдар Мунайтбасов.
Всего на сайте опубликовано 66316 материалов.
Посетители оставили 247284 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.