С. Сәпиев атындағы Бокс орталығында Халықаралық еріктілер күні қарсаңында «Қарағанды облысы еріктілер форумы – 2024» өтті. Іс-шараны өңірлік Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы және Қарағанды облысының Жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Форумда еріктілер алдында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей құттықтау сөз сөйледі.
— Бүгін облысымызда еріктілердің саны жылдан жылға өсіп жатыр, бұл тек қана қуантатын жағдай, — деді ол. – Сіздер өңірдің коғамдық, саяси өміріне тың серпін беріп отырсыздар және біз оны бүгін көріп отырмыз. Былтырдың өзінде, облысымызға үлкен мәселелер туындаған кезде ең бірінші соның басында табылатын өздеріңіз болдыңыздар. Қыстан шыққан соң біраз өңірлерді су басты. Сол жерлерде ең бірінші болып еріктілер қозғалысы республика бойынша ат салысып көмектесті. Қазіргі уақытта сіздер бүкіл ел үшін жарқын және көрнекі үлгі болып табыласыздар.
Қарағанды облысының ЖСМБ басшысы Нұржан Ілияштың айтуынша, өңірде 74 еріктілер ұйымы жұмыс істейді.
— Онда бүгінгі таңда 4 000-нан астам еріктілер қызмет атқарып жатыр, — дейді ол. – Мұндағы мақсаты – бұл жыл басынан осы еріктілердің өңірлері бойынша жасаған жұмыстарын жүйелеу және де бұның арасында сол волонтерлік ұйымдарға арнайы бөлінген гранттарды тапсыру. Біздің еріктілер әртүрлі бағыттар бойынша жұмыс істейді. Оның ішінде: табиғатты, жан-жануарларларды қорғау, адамдарға қайырымдылық жасау. Өздеріңізге белгілі, су тасқындары кезінде олар өңірлерге азық-түлікпен, киімдермен, басқа да өз күштерін жұмсауда көп көмектесті. Сонымен қатар «Таза Қазақстан» акциясы болсын, басқа да көптеген іс-шараларға белсенді түрде қатысып жатыр. Сондықтан осы еріктілердің жұмыстарын қорытындылап, жастарды қолдау мақсатында арнайы үлкен форум ұйымдастырылған.
Биыл он адам грант иегері атанды, олар 500 мың теңгеден алған. Жеңімпаздар қатарында инклюзивті спорт пен ерекше балаларды дамытумен бірнеше жыл бойы айналысып келе жатқан «Батыл Жүрек» қоғамдық қорының тең құрылтайшысы Гауһар Акижанова бар.
— Менің жобам – ерекше балаларға арналған үстел теннисі, — бөлісті Гауһар. – Бізде қазірдің өзінде жаттықтырушы бар, сондықтан біз қажетті жабдықты сатып алып, сабақты жайлап бастаймыз. Қазір біздің қор облыс бойынша бейімделген жүзуді жүзеге асыруда. Бізде паралимпиадалық спорт түрі – бочча, сондай-ақ бейімделген таэквондо бар. Бұл менің алғашқы грантым емес. Бұған дейін мен ерекше балаларға арналған арнайы велосипедтер бойынша жобаны жүзеге асырдым және онымен айналысуды жалғастырып жатырмын. Осындай қолдау көрсеткені үшін облыс әкімдігіне рахмет.
Іс-шарада волонтерлердің сәтті жобалары да көрсетілді. Қатысушылар алдында арнайы шақырылған спикерлер сөз сөйледі. Форумның хедлайнері ретінде орындаушы Айдын Жұмахан өнер көрсетті.
Волонтеры Карагандинской области являются примером для всей страны
В Центре бокса имени С. Сапиева в преддверии Международного дня волонтеров прошел «Форум волонтеров Карагандинской области – 2024». Мероприятие организовали региональные Управление по вопросам молодежной политики и Молодежный ресурсный центр.
На форуме с приветственным словом перед добровольцами выступил заместитель акима Карагандинской области Әлібек Әлденей.
— От лица государства мы выражаем вам огромную благодарность за ваш неиссякаемый труд, за ваше желание и энергию вносить лепту в развитие области, — сказал он. – Будь то экологическое сознание или взаимоподдержка и помощь, вы продвигаете те ценности, которые сегодня очень нужны нашему обществу. Ежегодно число волонтеров в нашей области растет, что не может не радовать. Именно вы на данный момент являетесь ярким и показательным примером для всей страны.
По словам директора МРЦ Карагандинской области Аиды Искаковой, в регионе действуют 74 волонтерские организации.
— Это 4 000 молодых людей, которые объединены в огромное волонтерское движение области, — говорит она. – Этот форум предназначен для того, чтобы отметить всех волонтеров, которые ежедневно принимают активное участие во всех мероприятиях нашего региона. Ежегодно выделяются волонтерские гранты акима области. У нас очень много талантливых ребят, которые хотят реализовать свои проекты. Хотелось бы поблагодарить акимат региона за поддержку молодежи. У нас ни в одной области не выделяется так много денежных средств, как в Карагандинской, именно на развитие волонтерской деятельности. Благодаря таким мероприятиям наша молодежь чувствует себя причастной к сфере реализации социально-политической жизни нашего государства.
В этом году обладателями грантов стали десять человек, которые получили по 500 тысяч тенге. В числе победителей соучредитель общественного фонда «Батыл Жүрек» Гауһар Акижанова, которая уже не первый год занимается развитием инклюзивного спорта и особенных детей.
— Мой проект – это настольный теннис для особенных детей, — поделилась Гауһар. – У нас уже есть тренер, поэтому теперь мы закупим необходимый инвентарь и начнем потихоньку занятия. Сейчас наш фонд реализует адаптивное плавание по области. У нас есть паралимпийский вид спорта – бочча, а также адаптивное таэквондо. Это не первый мой грант. До этого я реализовала проект по специальным велосипедам для особенных детей и продолжаю им заниматься. Спасибо акимату области за такую поддержку.
На мероприятии также продемонстрировали успешные проекты волонтеров. Перед присутствующими выступили специально приглашенные спикеры. Хедлайнером форума стал исполнитель Айдын Жумахан.
Всего на сайте опубликовано 66321 материалов.
Посетители оставили 247284 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.