Қарағандыда Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестің кезекті отырысы өтті. Кездесу жұмысына облыстық жастар ісі жөніндегі Кеңестің мүшелері, қалалар мен аудандардың әкімдері және ҮЕҰ өкілдері қатысты. Отырыста жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мәселелері талқыланды, сондай-ақ жастар саласындағы жыл қорытындысы шығарылды.
— Жасөспірімдер мен жастар арасындағы қылмыстың алдын алу мемлекеттік жастар саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады, — атап өтті облыс әкімі. – Мұнда көптеген жалғаспалы сұрақтар бар, оның ішінде тәрбие мен қоршаған ортаға және мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты.
Содан кейін жастар арасындағы криминогендік жағдай туралы облыс ПД басшысының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров баяндады.
— Қазіргі уақытта ІІМ 2024-2028 жылдарға арналған қоғаммен әріптестікте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тұжырымдамасын іске асыруда, онда жекелеген бағыт ретінде жастармен профилактикалық жұмыс жүргізу көзделген, — бөлісті спикер. – Мұнда мемлекеттік органдар мен жұртшылықтың кең ауқымы тартылған. Алдын алудың үлкен жүйесі құрылған. Тәуекел тобындағы жастарға қатысты профилактикалық жұмысын және жеке қолдауын күшейтуді қамтитын міндеттер анықталған.
Статистикаға сәйкес, жалпы тіркелген қылмыстардың 22%-ын 14 пен 35 жас аралығындағы жастар жасайды. Олардың көбеюі Қарағандыда, Балқашта және Шахтинскіде байқалды.
Осыған байланысты ПД «Жасөспірім» және «Түнгі қаладағы балалар» ЖПІ сияқты бірқатар іс-шараларды өткізуге ерекше назар аударды. Сондай-ақ, Балқаш қаласының әкімі Сапар Сатаев пен Абай ауданының әкімі Сәбит Оспанов жергілікті жерлердегі ағымдағы ахуал мен өткізілетін іс-шаралар туралы баяндады.
— Жастардың уақыт өткізуіне, әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдар мен әкімдіктер тарапынан жағдай жасауға көңіл бөлу маңызды, — деп мәлімдеді Бөлекпаев. – Мұндай құқық бұзушылықтардың орын алуына әсер ететін көптеген жағымсыз жақтар бар, соның ішінде әлеуметтік желілер. Бірақ мен бір нәрсені айтқым келеді: негізгі бөлігінде жастар бұған ұмтылмайды.
Осыдан кейін облыстың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Ілияш баяндама жасады. Спикер жыл қорытындысын шығарды, сондай-ақ кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы айтып берді.
— Облыс халқының 1/4 бөлігін жастар құрайды, бұл 306 187 адам, — дейді ЖСМБ басшысы. – Өңірде жастарды қолдаудың түрлі шаралары жүзеге асырылуда. Мысалы, жас мамандарға арналған ипотекалық кредит беру бағдарламасы; жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету; жастардың жобаларын гранттармен қолдау; жұмысқа орналасуға көмек; «Жасыл ел» еңбек жасақтары бағдарламасы; еріктілік институтын дамыту және әскери-патриоттық тәрбие беру. NEET-жастар үлесінің 2,3%-ға төмендегені байқалды. Облыс бойынша 9 коворкинг-орталық жұмыс істейді, жақында Қарағандыда жаңа комьюнити-орталық ашылды.
Оның айтуынша, аталған жұмыс келесі жылы да жалғасатын болады. Ермағанбет Бөлекпаев мемлекеттік органдарға өзара тығыз қарым-қатынас жасауды тапсырды.
— Біз жастарға көбірек жағдай жасауымыз керек, — деді облыс басшысы. – Бұл осы жүріп жатқан бағытта біздің басты міндеттеріміздің бірі.
В Караганде подвели итоги молодежной сферы области
В Караганде под председательством акима Карагандинской области Ермаганбета Булекпаева прошло очередное заседание Совета по делам молодежи. В работе встречи приняли участие члены областного Совета по делам молодежи, акимы городов и районов и представители НПО. На заседании обсуждались вопросы профилактики преступности среди молодежи, а также подводились итоги года в молодежной сфере.
— Профилактика преступности среди подростков и молодежи является одним из приоритетных направлений государственной молодежной политики, — отметил аким области. – Здесь очень много сопутствующих вопросов, в том числе касаемых и воспитания, и среды, и работы госорганов.
Затем о криминогенной обстановке среди молодежи доложил первый заместитель начальника ДП области Жаскайрат Каиров.
— В настоящее время МВД реализуется концепция обеспечения общественной безопасности в партнерстве с обществом на 2024-2028 годы, где отдельным направлением предусмотрено проведение профилактической работы с молодежью, — поделился спикер. – Сюда вовлечен широкий круг госорганов и общественности. Создана большая система профилактики. Определены задачи, которые включают усиление профилактической работы и индивидуальной поддержки молодежи, находящейся в группе риска.
Согласно статистике, 22% преступлений от общего количества зарегистрированных совершается молодежью в возрасте от 14 до 35 лет. Их увеличение отметили в Караганде, Балхаше и Шахтинске.
В этой связи ДП уделяло особое внимание проведению ряду мероприятий таких, как ОПМ «Подросток» и «Дети в ночном городе». С содокладами также выступили аким Балхаша Сапар Сатаев и аким Абайского района Сабит Оспанов, которые рассказали о текущей ситуации на местах и проводимых мероприятиях.
— Важно уделить внимание времяпровождению молодежи, созданию условий со стороны госорганов и акиматов разных уровней, — заявил Булекпаев. – Есть много негативных моментов, включая соцсети, влияющих на то, что возможны такие правонарушения, которые идут. Но хочу сказать одно: в основной части молодежь не стремится к такому.
После этого с докладом выступил руководитель Управления по вопросам молодежной политики области Нұржан Ілияш. Спикер подвел итоги года, а также рассказал о планах работы Совета на 2025 год.
— 1/4 населения области составляет молодежь, это 306 187 человек, — говорит глава УВМП. – В регионе реализуются различные меры поддержки молодежи. К примеру, программа ипотечного кредитования для молодых специалистов; обеспечение жильем детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей; поддержка проектов молодежи грантами; помощь в трудоустройстве; программа трудовых отрядов «Жасыл ел»; развитие института волонтерства и военно-патриотическое воспитание. Наблюдается снижение доли NEET-молодежи на 2,3%. По области действует 9 коворкинг-центров, недавно в Караганде открылся новый комьюнити-центр.
По его словам, указанная работа также будем продолжена и в следующем году. Ермаганбет Булекпаев поручил госорганам тесно взаимодействовать между собой.
— Мы должны создавать больше условия для молодых людей, — заявил глава области. – Это одна из главнейших задач, к которой мы идем в этом направлении.
Всего на сайте опубликовано 66321 материалов.
Посетители оставили 247284 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.