Өткеннен болашаққа — бірлік пен өзара түсіністік жолы

9 просмотров Рубрика: Свежие новости |

Қазақстанның тарихы – түрлі этнос пен дін өкілдерінің ортақ шаңырақ астында бейбіт өмір сүре білгенінің айғағы. Көшпелі дәуірден бастап кеңестік кезеңге, тәуелсіздік жылдарына дейін халықтың басты құндылығы – татулық пен өзара сыйластық болды. Бүгінде бұл құндылықтар мемлекеттің ішкі тұрақтылығының негізіне айналып отыр.

Елімізде 130-дан астам ұлт пен 18-ден астам конфессия өкілдері тұрады. Қазақстанның ерекшелігі – діни әралуандықты қоғамның бөліну себебі емес, қайта оның бірлігін күшейтетін факторға айналдыруында. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – осы бағыттағы ең жарқын бастамалардың бірі. Ол елімізді бейбітшілік пен келісімнің жаһандық алаңына айналдырды.

Жергілікті деңгейде де конфессияаралық татулықты нығайту жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Мәселен, мешіттер мен шіркеулердің, этномәдени орталықтардың бір-бірімен достық қарым-қатынаста болуы – қоғамға үлгі. Әртүрлі діни мерекелерде көрші-қолаңның бір-біріне құттықтау айтып, сыйлық таратуы – күнделікті өмірде татулықтың қалыпты дәстүрге айналғанын көрсетеді.

Бірлік тек салтанатты жиындарда айтылатын ұран емес, ол – әрбір күнделікті іс-әрекетімізде көрініс табуы тиіс құндылық. Қоғамдық тәртіпті сақтау – соның ең маңызды шарты. Құқық қорғау органдары, қоғамдық ұйымдар мен еріктілер ел ішінде заңның үстемдігін қамтамасыз ету арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қорғайды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, «Әділетті Қазақстан» құрудың басты алғышарты – заң мен тәртіп. Егер әр азамат өз құқығы мен міндетін білсе, заңға бағынса, қоғамдағы келісім де, бейбітшілік те баянды болмақ.

Біздің тарихымызда қиын кезеңдер аз болған жоқ: ашаршылық, соғыс, саяси қуғын-сүргін… Сол дәуірлерде халық тек бірліктің арқасында аман қалды. Бүгінгі ұрпақ үшін бұл – үлкен сабақ. Бір-бірін құрметтеген, діни нанымына, ұлтына қарамай қолдау көрсеткен қоғам ғана дамудың даңғыл жолына түсе алады.

Болашаққа жол ашатын күш – өткеннен алынған тағылым мен бүгінгі татулық. Қазақстан халқының бірлігі мен өзара түсіністігі – тек ішкі тұрақтылықтың ғана емес, халықаралық деңгейдегі беделдің де кепілі.

 

Н.Қалқаман,

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Если Вы стали очевидцем или участником интересного события и хотите поделиться этим, то отправляйте информацию на электронную почту или WhatsApp:
  Сообщите нам свою историю или новость по электронной почтеПочта   Сообщите нам свою историю или новость по WhatsAppТелефон (WhatsApp)

Добавить комментарий

Если вы обнаружили в тексте опечатку или грамматическую ошибку,
сообщите нам об этом, чтобы мы могли исправить.
Если у вас возникли дополнительные вопросы по теме статьи, напишите нам на kontent@nv.kz.
Комментируя, высказывайтесь корректно и по возможности аргументировано.

Соблюдайте правила, принятые на нашем сайте.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

:wink: :twisted: :roll: :oops: :mrgreen: :lol: :idea: :evil: :cry: :arrow: :?: :-| :-x :-o :-P :-D :-? :) :( :!: 8-O 8)