Конфессияаралық келісім – Қазақстан тәуелсіздігінің басты құндылығы

32 просмотров Рубрика: Свежие новости |

Қазақ даласы қисамсыз мол қазына мен тарихқа ғана емес, даналық пен рухани мол мұраның алтын кеніші десек, жаңсақ айтқанымыз емес.  Тарихқа зер салсақ, еліміз қилы кезеңдерде сантүрлі ұлт пен ұлыстың баласын бауырға басып, олардың мәдениеті мен діни сеніміне құрметпен қарай білген. Қазақ тарихында адамды діни сеніміне бола қудалау, ұлтына қарап шеттету деген ұғым болмаған. Дана бабаларымыз адамды сеніміне қарай емес, жүрегіндегі иманына, ниетінің тазалығына қарап бағалаған. Міне, осы өркениетті ой, терең таным – бүгінгі Тәуелсіз Қазақстанның іргетасына айналған конфессияаралық келісімнің бастауы.

Қазақстан тәуелсіздік алған күннен бастап ел ішінде бейбітшілік пен келісімді сақтау мемлекеттік саясаттың басым  бағыттарының біріне айналды.   Бұл кездейсоқ таңдау емес  – тарихи жады мен ұрпақтар сабақтастығынан тамыр тартқан салмақты шешім. Себебі егемен елдің ең басты байлығы – тыныштық пен татулық. Егер ел ішінде тұрақтылық болмаса, әлеуметтік-саяси реформалар мен экономикалық серпіліс туралы ойлаудың өзі артық болар еді. Тұрақтылығы мен тыныштығы жоқ елде еш реформа жеміс бермейтіні бесенеден белгілі.

Қазақстан – этносаралық келісім мен діни сенім алуандылығын ортақ мүдде жолында ұйыстыра білген санаулы елдердің сапында.  Қазіргі таңда елімізде 18 конфессия мен жүзден  астам этнос өкілі бейбіт өмір сүріп жатыр. Статистикалық деректерге сенсек, осы 18 конфессия өкілдеріне тиесілі төрт мыңға жуық діни бірлестік заң аясында қызмет етуде. Бұл – әркімнің ар-ождан бостандығының толыққанды қамтамасыз етілгенінің айғағы. Мешіт пен шіркеу, синагога мен храм – бәрі де қазақ жерінде қатар бой түзеп, бір-біріне кедергі келтірместен, халықты руханиятқа шақырады. Соның жарқын мысалы, Теміртаудың кіре берісінде орналасқан мұсылман мешіті мен проваслов шіркеуі. Қос діни мекеме татулық пен бауырмалдылықтың маңызын айшықтап тұрғандай. Бұл көрініс – конфессияаралық келісімнің нақты өмірдегі бейнесі, күнделікті тіршіліктің тынысы.

Қазақ халқы ежелден «Қонақ – Құдайдың елшісі» деп ұлт пен ұлысқа бөлместен, келген адамды төріне шығарған. Тілі басқа, діні бөлек жандарға да қабақ шытпай, ортақ дастархан жайған. Бұл қасиет бүгінгі күнге дейін ұлт болмысынан өшпей сақталып келеді. Сондықтан да Қазақстанда діни сенімге байланысты алауыздық, қақтығыс, қысым деген түсінікке орын жоқ. Біз үшін адам – ең қымбат қазына. Оның сенімі қандай болса да, бастысы – жүрегі таза, пейілі түзу, елге пайдасы тисе болғаны.

Қазақстанда конфессияаралық келісімді сақтау тек құқықтық міндет емес, ол – моральдық жауапкершілік. Бұл бағытта ел ішінде жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестер, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі сынды институттар осы келісімді нығайтудың нақты тетіктеріне айналды. Әсіресе, елордамыз Астана қаласында тұрақты түрде өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі – жаһандық деңгейде бейбітшілік пен толеранттылықты насихаттауға бағытталған бірегей алаң. Бұл – Қазақстанның тек ішкі тұрақтылықты сақтап қана қоймай, жаһандық дінаралық татулыққа үлес қосып отырғанының айғағы.

Конфессияаралық келісім – ел дамуының рухани кепілі. Жастарды өзге дін өкілдеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу – болашақтағы ұлттық бірліктің негізін қалау. Мектептерде, жоғары оқу орындарында толеранттылық мәдениетін қалыптастыру, діни сауаттылықты арттыру бағытында түрлі іс-шаралар өткізілуде. Бұл өз кезегінде қоғамдағы теріс ағымдардың алдын алып, ел ішіндегі тұрақтылықты сақтау үшін маңызды қадам.

Қазақстандағы конфессияаралық татулық – тек жетістік емес, ол – күн сайын күтіп-баптауды, жауапкершілікті талап ететін құндылық. Себебі кез келген ұлттың ұйытқысы – оның ішкі келісімі. Сол себепті бұл келісімді сақтау – баршамыздың азаматтық борышымыз. Біз үшін бұл – тек мемлекеттік саясаттың бағыты емес, бұл – тарихи жадымыздан туындаған адамгершілік парыз.

Нұрлыхан ҚАЛҚАМАНҰЛЫ,

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.


Если Вы стали очевидцем или участником интересного события и хотите поделиться этим, то отправляйте информацию на электронную почту или WhatsApp:
  Сообщите нам свою историю или новость по электронной почтеПочта   Сообщите нам свою историю или новость по WhatsAppТелефон (WhatsApp)

Добавить комментарий

Если вы обнаружили в тексте опечатку или грамматическую ошибку,
сообщите нам об этом, чтобы мы могли исправить.
Если у вас возникли дополнительные вопросы по теме статьи, напишите нам на kontent@nv.kz.
Комментируя, высказывайтесь корректно и по возможности аргументировано.

Соблюдайте правила, принятые на нашем сайте.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

:wink: :twisted: :roll: :oops: :mrgreen: :lol: :idea: :evil: :cry: :arrow: :?: :-| :-x :-o :-P :-D :-? :) :( :!: 8-O 8)