Қаланың орталық саябағында «Өзіңнен баста!» экоакциясы өтті. Жастар пластикалық бөтелке қақпақтарын жинап, оларды спорт дүкенінің сертификаттарына айырбастады. Ал қақпақтар біздің аймақтың картасын жасау үшін пайдаланылды.
Акцияны Қарағанды облыстық жастар ресурстық орталығы, «Жастар рухы» жастар қанаты және еріктілер ұйымдастырды.
«Пластикалық бөтелке қақпақтарын жинау акциясына 30-ға жуық балалар мен жастар қатысты. Олар 500-ден астам пластикалық қақпақтарды жинап, спорт дүкенінен сертификаттар мен термостар алды. Жиналған қақпақтардан біздің облыстың картасы жасалды. Картаны салуға жас суретші және музыкант Жанболат Бабақов көмектесті, суретке еріктілер берген қақпақтар жапсырылды. Енді карта орталық саябақтың жағалауын безендіреді», — Қарағанды облысының ЖРО-да айтылды.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, «Өзіңнен баста!» секілді акциялар жасөспірімдер мен қала тұрғындарының экологиялық ойлауын қалыптастыруға, жұртшылықтың назарын табиғатқа ұқыпты қарауға тартуға қызмет етеді.
«Қаламыздың әрбір тұрғыны «Өзгені түзеткің келсе – Өзіңнен баста!» ұранын ұстануы тиіс», — деп сенеді олар.
Қарағанды облысының жастары «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасы шеңберінде өтетін барлық экоакцияларға белсенді түрде қатысады.
«Начни с себя!»: молодёжь Караганды изготовила карту области из пластиковых крышек
В Центральном парке Караганды прошла экоакция «Начни с себя!». Молодые люди собрали пластиковые крышки от бутылок и обменяли их на сертификаты спортивного магазина. А сами крышки пригодились для создания карты нашей области.
Организовали акцию Карагандинский областной молодёжный ресурсный центр, молодёжное крыло «Жастар рухы» и волонтёры.
«В акции по сбору пластиковых крышек от бутылок приняли участие около 30 детей и молодых людей. Они собрали свыше 500 пластиковых крышек и получили сертификаты от спортивного магазина и термосы. Из собранных крышек изготовили карту нашей области. Нарисовать карту помог молодой художник и музыкант Жанболат Бабаков, на рисунок наклеили переданные волонтёрами крышки. Теперь карта украшает набережную Центрального парка», — рассказали в МРЦ Карагандинской области.
По мнению организаторов, акции, подобные «Начни с себя!», служат формированию экологического мышления у подростков и горожан, привлечению внимания общественности к бережному отношению к природе.
«Каждый житель нашего города должен руководствоваться принципом «Хочешь что-то исправить – начни с себя!», — уверены они.
Молодёжь Карагандинской области принимает активное участие во всех экоакциях, проходящих в рамках общенациональной экологической инициативы «Таза Қазақстан».
Всего на сайте опубликовано 65465 материалов.
Посетители оставили 247216 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.