Қарағандыда облыстың жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің жыл сайынғы слеті өтті. Іс-шараға қалалар мен аудандардың жастар ресурстық орталықтарының директорлары мен мамандары, жоғары оқу орындарының жастар жөніндегі комитеттерінің басшылары мен өкілдері, жастар үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Облыстың Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Ілияш атап өткендей, екі күндік слет өңірдің игі дәстүріне айналды.
«Слеттің негізгі мақсаты – іске асырылып жатқан мемлекеттік жастар саясатын талқылау. Қазір облыста жастар арасынан 306 мың адам тұрады: олардың 240 мыңы – қалаларда, ал 66 мыңы – ауылдық жерлерде. Бүгінгі таңда бұл салада көптеген күрделі мәселелер бар. Мысалы, жұмыссыздықтың алдын алу, уақыттарын тиімді пайдалану, патриотизм мен елге, жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Сондай-ақ, жастар арасында көптеген кері әсерін тигізіп жатқан проблемалық жағдайлар бар, соның ішінде лудомания мен нашақорлық. Бұл алаңда жас мамандар осы мәселелерді талқылай алады, өз ұсыныстарын, идеяларын немесе жобаларын енгізе алады және тәжірибе алмасады», — деп қосты ол.
Іс-шара жастар саласының 50-ге тарта маманын қамтыды. Слет жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті басқармасының басшысы Мансия Есекеева да қатысты. Оның айтуынша, Қарағанды облысы әрқашан керемет басшылар мен мамандар шығаратын мықты кадрлардың ұстасы болған.
«Осы жерге министрліктен мамандар келіп отыр, сол кісілермен және болашақтағы республикалық жобалармен танысып отырмыз, — деді Осакаров ауданының ЖРО басшысы Қажымұхамед Әкімжанов. – Жалпы бүгінгі әсеріміз, көңіл күйіміз өте жақсы, алда қойған мақсаттарымызбен бөлісіп отырмыз. Бүгінгі таңда Осакаровка ауданы бойынша 8 215 жас бар. Бізде «Жасыл ел» бағдарламасы қарқынды дамып отыр. Жыл сайын қатысып отырған балалардың саны өсуде, биыл 180 сарбазға дейін артты. Жастар үшін аудан тарабынан әкімнің гранты беріледі».
Слет аясында қатысушылар үшін танымдық мастер-класстар мен тимбилдингтер өткізілді. Өңірдің жастар саясатын дамытуға елеулі үлес қосқан мамандар құрмет грамоталарымен марапатталды.
Инновации и обмен опытом ради развития молодежной политики
В Караганде прошел ежегодный слет сотрудников молодежных ресурсных центров области. В мероприятии приняли участие директора и специалисты МРЦ городов и районов, руководители и представители комитетов по делам молодежи ВУЗов, представители молодежных неправительственных организаций.
Как отметил руководитель Управления по вопросам молодежной политики области Нұржан Ілияш, двухдневный слет стал доброй традицией региона.
«Основная цель слета – обсудить проводимую государственную молодежную политику. Сейчас в области проживает 306 тысяч человек из числа молодежи: 240 тысяч из них – в городах, а 66 тысяч – в сельской местности. Сегодня существует множество актуальных вопросов в этой сфере. Например, предупреждение безработицы, организация занятости, привитие патриотизма и любви к Родине. Также есть множество проблемных моментов в молодежной среде, включая лудоманию и наркоманию. И на этой площадке молодые специалисты могут обсудить эти проблемы, внести свои предложения, идеи или проекты, а также обменяться опытом», — добавил он.
Мероприятие охватило порядка 50 специалистов молодежной сферы. В работе слета также приняла участие руководитель Управления Комитета по делам молодежи и семьи Министерства культуры и информации РК Мансия Есекеева. По ее словам, Карагандинская область всегда являлась кузницей сильных кадров, готовящей хороших руководителей и специалистов.
«Мы получили достаточно хорошие ответы на свои вопросы, — поделился директор МРЦ Шахтинска Алексей Варзаев. – Здесь мы собрались, чтобы взаимодействовать между собой, подводить наши определенные цели под определенные реалии, сравнивать наши результаты. Соответственно, мы изучаем новации и инновации как нашей области, так и гостей с других областей. В этом году мы реализуем много проектов. К примеру, наши бойцы «Жасыл ел» показали отличные результаты. Также запустили в Шахане проект по игре на кахонах для детей и лиц с инвалидностью».
В рамках слета для участников провели познавательные мастер-классы и тимбилдинги. Специалистов, внесших весомый вклад в развитие молодежной политики региона, наградили почетными грамотами.
Всего на сайте опубликовано 65465 материалов.
Посетители оставили 247216 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.