Газета «Новый Вестник»
  • Главная
  • Афиша
    • Город
    • Спорт
    • Дети
    • Кино
    • Концерты
  • Спортивные новости
  • История Караганды
  • Новости столицы
  • Рухани жаңғыру
  • Сюжеты
    • «Скорая помощь»
    • Жамиля Омарханова
    • Иван Белоусов
    • Валют-Транзит Банк
    • Шахтеры
    • Владислав Челах
    • ЖК «Бесоба»
    • Олимпиада 2012
  • Фото/Видео
    • Видео
    • Фоторепортажи
  • Реклама на сайте
  • Размещение предвыборной агитации

Радикализм – қоғамдық сананың ауруы ретінде

17 Сентябрь, 2025 | 4 просмотров Рубрика: Свежие новости | Автор: Модератор

Қоғамның дамуы – тек экономикалық көрсеткіштермен өлшенбейді. Нағыз өркендеу адамның ой-санасының ашықтығына, мәдениетінің биіктігіне, рухани құндылықтарға деген құрметіне байланысты. Бірақ адамзат тарихына қарасақ, қоғамды алға емес, кері сүйрейтін құбылыстар да аз емес. Соның ең қауіптілерінің бірі – радикализм. Ол адам санасын улап, ортақ құндылықтарды жоққа шығарып, қоғамды ыдыратуға әкеледі. Радикализм – жай ғана теріс пікір немесе әдеттегі қақтығыс емес, ол – қоғамдық сананың дерті, қауіпті індеті.

Радикалдық көзқарастың пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес. Оның тамыры көбіне әлеуметтік әділетсіздікке, білім мен тәрбие олқылығына, діни немесе саяси сауатсыздыққа барып тіреледі. Өз ойына сенімді, дүниетанымы кең адам ешқашан шектен шыққан ұранға ермейді. Ал рухани іргетасы әлсіз жан жалған уағыздың жетегінде кетіп, қоғамға жат идеяларға оңай беріледі. Бұл жерде ең қауіптісі – радикализмнің дін арқылы таралуы. Дін – адамды имандылыққа, ізгілікке бастайтын құндылық. Алайда оны теріс түсіндіру, біржақты қарау, төзімсіздікке шақыру қоғамдық сананы улайды.

Қазақстан – зайырлы мемлекет. Біздің басты ұстанымымыз – әрбір азаматтың діни сеніміне құрметпен қарау, құқықтарын қорғау. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізу арқылы Қазақстан жаһанға татулық пен келісімнің үлгісін көрсетті. Дегенмен, сырттан келетін радикалды ағымдардан сақтану – бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі. Әсіресе жастар арасында діни сауатсыздық пен интернет арқылы таралатын жалған уағыздар қауіп төндіруде. Бұл – тек жеке адамның емес, бүкіл қоғамның мәселесі.

Радикализмнің зияны тек рухани салада ғана емес, қоғамдық тәртіпке де тікелей қатысты. Ол заңды мойындамауға, мемлекетке қарсы шығуға, қоғамның тыныштығын бұзуға итермелейді. Радикалдық идеяны қабылдаған адам төзімділікті жоғалтып, өзгелерді жау көреді. Мұндай көзқарас қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді бұзады, әлеуметтік алауыздыққа жол ашады. Сондықтан радикализмге қарсы күрес тек құқық қорғау органдарының ғана емес, бүкіл халықтың ортақ ісіне айналуы тиіс.

Бұл күресте ең қуатты қару – білім мен тәрбие. Жастарға сапалы білім беру, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру, дәстүр мен мәдениетке сүйенген рухани тәрбие беру – радикализмнің алдын алатын ең сенімді жол. Әрбір мектеп пен жоғары оқу орны тек білім беріп қана қоймай, адамгершілік пен толеранттылықты қалыптастыратын тәрбие ошағы болуы қажет. Отбасы да бұл істе маңызды рөл атқарады. Өйткені бала ең алдымен әке-шешесінен өмірлік құндылықтарды үйренеді.

Тарих бізге үлкен сабақ береді. Қиын кезеңдерде – ашаршылықта, соғыста, қуғын-сүргінде халық тек бірлік пен түсіністіктің арқасында аман қалды. Демек, біздің болашағымыз да өзара қолдау мен сыйластыққа негізделуі тиіс. Радикализмге қарсы иммунитет қалыптастыру үшін өткеннің тағылымын бүгінгі жастарға жеткізіп, болашаққа сеніммен қадам жасауымыз қажет.

Радикализм – уақытша дауыл емес, қоғамға тұрақты сын. Бірақ бұл сынақтан сүрінбей өту үшін әр азаматтың ойы ашық, жүрегі таза, жауапкершілігі жоғары болуы шарт. Қоғамдық санада бірлік, өзара құрмет, төзімділік үстемдік құрса ғана радикализмнің тамырына балта шаба аламыз. Әрбіріміз осы жауапкершілікті сезініп, қоғамның рухани денсаулығын сақтауға үлес қосқанда ғана Қазақстанның бейбіт болашағы баянды болмақ.

 

Н.Қалқаман,

Облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі.

 


Если Вы стали очевидцем или участником интересного события и хотите поделиться этим, то отправляйте информацию на электронную почту или WhatsApp:
  Сообщите нам свою историю или новость по электронной почтеПочта   Сообщите нам свою историю или новость по WhatsAppТелефон (WhatsApp)

Добавить комментарий Отменить ответ

Если вы обнаружили в тексте опечатку или грамматическую ошибку,
сообщите нам об этом, чтобы мы могли исправить.
Если у вас возникли дополнительные вопросы по теме статьи, напишите нам на kontent@nv.kz.
Комментируя, высказывайтесь корректно и по возможности аргументировано.

Соблюдайте правила, принятые на нашем сайте.

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

*

*

:wink: :twisted: :roll: :oops: :mrgreen: :lol: :idea: :evil: :cry: :arrow: :?: :-| :-x :-o :-P :-D :-? :) :( :!: 8-O 8)

Реклама

Календарь записей

Сентябрь 2025
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
« Авг   Окт »
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930  

Рубрики

Последние новости

  • Подросток поджёг 14-летнего мальчика — суд Караганды вынес приговор

    08 Декабрь, 2025
  • «Объем 600 млрд тенге»: руководителей банков Казахстана заподозрили в работе на онлайн-казино

    08 Декабрь, 2025
  • В Казахстане раскрыли убийство и изнасилование 70-летней женщины спустя 20 лет

    08 Декабрь, 2025
  • Возобновление прямых рейсов во Францию обсуждает Казахстан

    07 Декабрь, 2025
  • В Карагандинской области ожидаются снег, низовая метель, гололед

    07 Декабрь, 2025
  • Сколько стоят мандарины в городах Казахстана

    07 Декабрь, 2025
  • На Нобелевскую премию мира выдвинули Олжаса Сулейменова

    07 Декабрь, 2025

Мы в ВКонтакте

  • Главная
  • Архив опросов
  • Мероприятия
  • Малина за 5000 тенге: сезон малины начался
  • От создателей дубайского шоколада: Дубайское мороженое уже на прилавках
  • Выходные данные
  • Фото-тур: Католический кафедральный собор Пресвятой Девы Марии Фатимской, Матери всех народов готовят к открытию.
  • Добавить объявления
  • Хрустальная Вода
  • Вход
  • Сделай сюрприз любимой!
  • Сообщи свою новость!
  • Написать в Блоги
  • Ария для народа
  • ДЕЛАТЬ ВИДЕО МОЖЕТ КАЖДЫЙ!
  • Фото-галерея «КЛЁВое фото»
  • Галерея хенд-мейд работ наших читателей
  • Выиграй приз
  • Правила комментирования
  • Задай вопрос прокурору
  • Прямая линия «Нового Вестника» КАК ПОПАСТЬ В ДЕТСКИЙ САД?
  • О нас
  • Архив опросов
  • RSS
  • Другие новости
Адрес редакции: г.Караганда, ул.Ержанова 18, 4 этаж.
Интернет отдел: E-mail: kontent@nv.kz.
Отдел печатного издания: 91-15-45. E-mail: vestnik@nv.kz.
Отдел рекламы: 91-22-44. E-mail: reklama@nv.kz.
Учредитель ТОО "ГАЗЕТА "НОВЫЙ ВЕСТНИК".
Копирование, перепечатка и любое другое использовании материалов сайта возможны только при наличии письменного разрешения учредителя.

Всего на сайте опубликовано 67957 материалов.
Посетители оставили 247341 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.

Яндекс цитирования