Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында облыстық әскери-патриоттық форум өтті, форум аясында «Жас Сарбаз» кадет сыныптарының түлектеріне аттестаттар, Отан қорғаушылар күніне және Қазақстан Халық қаһармандары Сағадат Нұрмағамбетов пен Рахымжан Қошқарбаевтың 100 жылдығына орай ардагерлерге, әскери қызметшілер мен еріктілерге алғыс хаттар салтанатты түрде табыс етілді. Іс-шараны Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы мен Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығы ұйымдастырды.
Салтанатты шараға қатысушыларға бірінші болып облыс әкімінің орынбасары Ерлан Құсайын құттықтау сөз сөйледі.
«Бұл мерекенің әрқайсымыздың өмірімізде алатын орны ерекше деп білемін, себебі әрбір азамат үшін Отан қорғаудан артық қасиетті іс жоқ шығар. Кешегі қазақтың қатпарлы тарихында Алтайдан Атырауға дейінгі созылып жатқан мынау алып даланы баһадур бабаларымыз өзінің ерлігінің, қаһармандығының, бірлігінің арқасында қорғап қалды. Бізге, бүгінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Сондықтан біз бабаларымыздың алдында мәңгілік қарыздармыз деп есептеймін. Ерлеріміздің есімі еш уақытта есімізден шықпақ емес», — қосты ол.
Әкімнің орынбасары ҚР Қарулы Күштері 32 жыл бұрын құрылғанын атап өтті. Одан кейін ҚР ҚК офицерлерінің, сондай-ақ су тасқыны салдарын жоюға қатысқан еріктілер мен құтқарушылардың алғыс хаттарымен салтанатты марапаттауы өтті. Құттықтау сөздерін «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысының орынбасары Шәкен Жарылқасыновта айтты.
«Отан қорғаушылар күні қарсаңында барлықтарыңызға тек жақсылық тілеймін. Біздің ұлы дала еш уақытта батырға кем де болмаған. Олардың ішінде біздің бірінші қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов және Рейхстагқа бірінші жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев аталарымыз. Солардың жалғасы бүгінгі мынау біздің әскери қызметшілеріміз, «Жас Сарбаз» түлектері және еріктілеріміз. Отанды қорғау – тек осы біз сияқты форма киіп алып, погон тағу емес, әрбір еліміздің азаматының адал борышы», — деді спикер.
ҚР ҚК ардагерлерін құттықтау хаттарымен марапаттады, ал «Жас Сарбаз» кадет сыныптарының түлектеріне аттестаттар салтанатты түрде табысталды. Іс-шара барысында облыстық филармония әртістері және шақырылған қонақ Қазыбек Әдікейдің қатысуымен концерттік бағдарлама өтті.
Защита Родины – долг каждого гражданина страны
В Центре бокса имени Серика Сапиева состоялся областной Военно-патриотический форум, в рамках которого проведено торжественное вручение аттестатов выпускникам кадетских классов «Жас Сарбаз», благодарственных писем ветеранам, военнослужащим и волонтерам, приуроченное ко Дню защитника Отечества и 100-летию Народных Героев Казахстана Сагадата Нурмагамбетова и Рахимжана Кошкарбаева. Мероприятие организовали Управление по вопросам молодежной политики и Молодежный ресурсный центр Карагандинской области.
С поздравительным словом к участникам торжества обратился заместитель акима области Ерлан Құсайын.
«Я знаю, что этот праздник занимает особое место в жизни каждого из нас, поскольку для любого гражданина, наверное, нет более святого дела, чем защита Родины. В тяжелые годы истории наши отважные предки смогли защитить эту великую степь, простирающуюся от Алтая до Атырау, благодаря своему мужеству, героизму и единству. Они оставили великое наследие нынешнему поколению. Поэтому, я считаю, что мы в вечном долгу перед нашими предками. Имена героев никогда не исчезнут из памяти народа», — добавил он.
Заместитель акима отметил, что Вооруженные Силы РК были созданы 32 года назад. Следом прошло торжественное награждение благодарственными письмами офицеров ВС РК, а также волонтеров и спасателей, принимавших участие в ликвидации последствий наводнений. Слова поздравления высказал также заместитель командующего войсками регионального командования «Астана» Шакен Жарылкасынов.
«В преддверии Дня защитника Отечества желаю всем только всего хорошего. В нашей великой степи никогда не было нехватки героев. Среди них: наш первый министр обороны Сагадат Нурмагамбетов и водрузивший первым знамя Победы на Рейхстаге Рахимжан Кошкарбаев. Продолжатели их пути – военнослужащие, выпускники «Жас Сарбаз» и волонтеры. Защита Родины – долг каждого гражданина страны, а не только тех, кто носит форму и погоны», — считает спикер.
Благодарственными письмами наградили ветеранов ВС РК, а выпускникам кадетских классов «Жас Сарбаз» торжественно вручили аттестаты. На протяжении всего мероприятия проходила концертная программа с участием артистов областной филармонии и приглашенного гостя Қазыбек Әдікея.
Всего на сайте опубликовано 65608 материалов.
Посетители оставили 247224 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.