Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналған өңірлік пікірсайыс турнирі өткізілді. Іс-шараны Қарағанды облысының Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы ұйымдастырды.
Пікірсайыс қозғалысының жобалық менеджері Абай Амантай атап өткендей, өңірде турнир бесінші жыл қатарынан өткізіліп келеді.
— Оған Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің, А. Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университетінің, Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің, Қарағанды медициналық университетінің, сондай-ақ бірталай колледждердің студенттері қатысты, — бөлісті ол. – Мұнда жастар өте маңызды тақырыптарды қарастырады. Бұл лудомания, құмар ойындар мәселелері, сондай-ақ жастардың мемлекетіміздің саяси өміріндегі белсенді ұстанымын қолдауға байланысты тақырыптар. Турнирдің белсенді қатысушыларын біз республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларда қолдауға дайынбыз.
Турнирге 56 адам қатысып, қазақ лигасында 16 команда, орыс лигасында 12 команда құрады. Пікірталас Линкольн – Дуглас және Британдық парламенттік форматтарда өтті.
— Негізінде Қарағанды облысында ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша пікірталас қозғалысын қолдау өте маңызды деп санаймын, — дейді облыстың пікірсайыс қозғалысының үйлестірушісі және бас төреші Құнанбай Бердалы. – Өйткені мұнда ең зияткер және озық студенттер жиналады, олар білім беру саласында ғана емес, сонымен қатар өздерінің жеке дағдылары мен шешендік қабілеттерін дамытуға мүмкіндік іздейді. Себебі біздің ғасырда көпшілік алдында сөйлеу – бұл еңбек нарығы талап ететін негізгі дағдылардың бірі.
Турнирдің жүлде қоры 600 мың теңгені құрады. Пікірталас жеңімпаздары кубоктармен, медальдармен, дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды. Қазақ лигасында бірінші орынды «Kaizen» командасы иеленді.
— Біз Қарағанды техникалық университетінен боламыз, — деді команда мүшесі Алиби Бағдат. – Біз жеңгенімізге өте қуаныштымыз. Аса қиын болмады, Астанадан тәжірибе болғандықтан, аса қатты қарсыластық деген болған жоқ. Осында ең бастысы дайындық, дебат емес. Ең бастысы – ол өзіннің нағыз тиммейтінді табу, Ілиясқа рақмет. Болашақта енді Астананың барлық турнирлерін алу ғой жоспарымызда, бірінші орынмен қайту.
В Караганде прошел областной дебатный турнир
В Карагандинском университете Казпотребсоюза состоялся региональный дебатный турнир, посвященный 125-летию Каныша Сатпаева. Мероприятие организовало Управление по вопросам молодежной политики Карагандинской области.
Как отметил проектный менеджер дебатного движения Абай Амантай, турнир в регионе проводится уже пятый год подряд.
— В нем приняли участие студенты Карагандинского университета имени Е.А. Букетова, Карагандинского технического университета имени А.Сагинова, Карагандинского университета Казпотребсоюза, Карагандинского медицинского университета, а также ряда колледжей, — поделился он. – Ребята здесь рассматривают очень важные темы. Это и вопросы лудомании, азартных игр, а также темы, связанные с поддержанием активной позиции молодежи в политической жизни нашего государства. Активных участников турнира мы готовы поддерживать на различных мероприятиях республиканского масштаба.
В турнире приняли участие 56 человек, которые сформировали 16 команд в казахской лиге и 12 команд – в русской. Дебаты проводились в форматах Линкольн – Дуглас и Британском парламентском.
— Я считаю, что принципиально очень важно поддерживать дебатное движение не только в Карагандинской области, но и по всему Казахстану, — говорит координатор дебатного движения области и главный судья Кунанбай Бердалы. – Потому что здесь собираются самые интеллектуальные и продвинутые студенты, которые ищут возможность проявить себя не только в поприще образования, но и пробовать развивать свои личностные навыки и ораторские способности. Поскольку публичное выступление в нашем веке является одним из ключевых навыков, который требует рынок труда.
Призовой фонд турнира составил 600 тысяч тенге. Победителей дебатов наградили кубками, медалями, дипломами и денежными сертификатами. В русской лиге первое место заняла команда «Akadem Forever».
— Мы представляли исторический факультет КарУ имени Букетова, — добавила участница команды Полина Левинская. – Очень хороший турнир вышел. Соперниками были ребята, с которыми я уже знакома. Поэтому можно сказать, что это больше дружеская игра. Очень рада, что мы победили. В дальнейшем планирую так же участвовать в дебатах.
Всего на сайте опубликовано 66072 материалов.
Посетители оставили 247253 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.