Өңірлік әкімдікте Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаевтың төрағалығымен жастар ісі жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. Кездесуде жастар саясатының өзекті мәселелері көтерілді.
Облыс басшысы атап өткендей, облыстық, қалалық және аудандық деңгейде арнайы құрылған жастар ресурстық орталықтары жастармен тікелей жұмыс жасауы керек.
— Облыс өңірлерінде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру шеңберінде ресурстық орталықтар жұмысының белгілі бір тәжірибесі мен алгоритмі жинақталған, — деді Бөлекпаев. – Бұл мәселелерді егжей-тегжейлі талдау үшін тиісті мемлекеттік органдар басшыларының, қалалар мен аудандар әкімдерінің есептері тыңдалатын болады.
Приозерск қаласының әкімі Мансұр Ахметов жастар саласында атқарылып жатқан жұмыстар туралы бірінші болып баяндама жасады. Сосын осы мәселе бойынша Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқанов есеп берді.
Облыс әкімі:
— Приозерскіде мәдени-демалыс орталығы мен ШСК енгізу бойынша жұмысты жеделдетуді, жастар арасында тиімді мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыруды;
— жалпы өңірлерде жаңалықтар енгізуді және түрлі іс-шаралар өткізуді;
— қалалар мен аудандардың әкімдеріне жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі кешенді жоспар шеңберінде тұрғын үй беру бойынша жұмысты жандандыруды;
— мүгедектігі бар жастар үшін мемлекеттік мекемелерде, оның ішінде ЖРО-да, әртүрлі демалыс және спорт ұйымдарында қолжетімділік жағдайларын жасауды;
— мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасына жергілікті мәдениет мекемелерінің жетістіктері мен проблемалық мәселелерін бағалау жұмысын ұйымдастыруды және жастар Кеңесінің алдында, алдағы отырысында нәтижелері туралы баяндауды;
— мемлекеттік органдар арасындағы жұмысты үйлестіруді және әділ ақпарат беруді тапсырды.
Содан кейін облыстың білім басқармасының басшысы Гүлбақыт Жүнісова, облыс ПД бастығының бірінші орынбасары Ж.И.Қайыров, Бөкетов атындағы ҚарУ және Қазтұтынуодағы ҚарУ проректорлары білім беру ұйымдарында және жоғары оқу орындарында буллинг пен колумбайнның алдын алу бойынша профилактикалық жұмысты ұйымдастыру туралы баяндамаларды жасады.
— Біз жоғары оқу орындарының баяндамаларын бекер тыңдап отырған жоқпыз, — деп мәлімдеді Бөлекпаев. – Өкінішке орай, белгілі бір фактілер болды. Мұны бәріміз жақсы білеміз, бұл есімізде. Мұнда біздің басқа жоғары оқу орындарының өкілдері де отыр. Сіздерден өзара әрекеттесуіңізді және белгілі бір шаралар қабылдауыңызды сұраймын. Бізде өзіміздің студенттеріміз ғана емес, шет елдерден де келгендер оқып жатыр. Сондықтан бұл мәселемен үнемі айналысу керек.
Сондай-ақ әкім облыстық әкімдіктің жанынан әртүрлі басқармалар арасындағы үйлестіруші орган ретінде балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі бөлімін құруды ұсынды. Осыдан кейін мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын бекіту туралы облыстық ЖСМБ басшысы Нұржан Ілияш баяндама жасады. Спикер келесі жылға қарастырылған жобалар туралы айтып берді.
— Бұл іс-шаралар Қарағанды облысының жастарға арналған өңір ретіндегі позициясын күшейтуге мүмкіндік береді, — деп санайды ол. – Сонымен қатар күтілетін нәтижелердің арасында: жастардың қоғамға деген наразылық деңгейін төмендету, билікке деген сенімін арттыру, NEET-жастар саның азайту, NEXT-ұрпақ идеясын қалыптастыру, жастар көшбасшыларының пулын қалыптастыру, облыстық қоғамдық-саяси өміріне жастар мен үкіметтік емес ұйымдарды тарту, жастардың өзін-өзі басқаруын дамыту.
Ермағанбет Бөлекпаев сондай-ақ облыстың қалалары мен аудандары бойынша жастарға арналған ипотекалық кредит беру бағдарламасын кеңейтуді, сондай-ақ қаржыландырудың ұлғайтуын қарастыруды тапсырды.
Карагандинская область станет регионом для молодежи
В областном акимате состоялось заседание Совета по делам молодежи под председательством акима Карагандинской области Ермаганбета Булекпаева. На встрече поднимались актуальные вопросы молодежной политики.
Как отметил глава региона, прямой работой с молодежью должны заниматься специально созданные на областном, городском и районном уровнях молодежные ресурсные центры.
— В регионах области накоплен определенный опыт и алгоритм работы ресурсных центров в рамках реализации государственной молодежной политики, — сказал Булекпаев. – Для детального анализа этих вопросов будут заслушаны отчеты руководителей соответствующих государственных органов, акимов городов и районов.
Первым с докладом о проводимой работе в молодежной сфере выступил аким Приозерска Мансур Ахметов. Следом по этому же вопросу отчитался аким Нуринского района Бакытжан Муканов.
Аким области поручил:
— ускорить в Приозерске работу по внедрению культурно-досугового центра и ФОК, организовать эффективную культурно-досуговую работу среди молодежи;
— в целом вводить новшества и проводить различные мероприятия в регионах;
— акимам городов и районов активизировать работу по предоставлению жилья в рамках комплексного плана по обеспечению жильем детей-сирот и детей, оставшихся без попечения родителей;
— создать условия доступности для молодежи с инвалидностью в государственных учреждениях, в том числе в МРЦ, различных организациях отдыха и спорта;
— управлению культуры, архивов и документации организовать работу по оценке достижений и проблемных вопросов местных учреждений культуры и доложить о результатах на предстоящем заседании Совета молодежи;
— координировать работу между государственными органами и предоставлять объективную информацию.
Затем с докладом организации профилактической работы в организациях образования и ВУЗах по предупреждению буллинга и колумбайна выступили руководитель управления образования Гулбакыт Жунусова, первый заместитель начальника ДП области Каиров Ж.И., проректоры КарУ имени Букетова и КарУ Казпотребсоюза.
— Мы не зря заслушиваем доклады вузов, — сказал Булекпаев. – К сожалению, были определенные факты. Мы все это прекрасно знаем и помним. Здесь также сидят представители других наших вузов. Я прошу, чтобы вы между собой взаимодействовали и определенные меры принимали. У нас учатся не только наши студенты, но и из зарубежных стран. Поэтому необходимо постоянно заниматься этим вопросом.
Аким также предложил создать при областном акимате отдел по защите прав детей как координирующий орган между различными управлениями. После этого с докладом об утверждении проектов государственного социального заказа в сфере государственной молодежной политики выступил руководитель УВМП области Нұржан Ілияш. Спикер рассказал о проектах, предусмотренных на следующий год.
— Эти мероприятия позволят усилить позицию Карагандинской области как региона для молодежи, — считает он. – Среди ожидаемых эффектов также: снижение уровня недовольства молодежи обществом, повышение доверия к власти, снижение доли NEET-молодежи, формирование идеи NEXT-поколения, формирование пула молодежных лидеров, вовлечение молодежи и неправительственных организаций в областную общественно-политическую жизнь, развитие молодежного самоуправления.
Ерманганбет Булекпаев также поручил рассмотреть расширение программы ипотечного кредитования для молодежи по городам и районам области, а также увеличение финансирования.
Всего на сайте опубликовано 66072 материалов.
Посетители оставили 247253 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.