Қарағандыда «Жасыл ел» жастар жасақтарының ХХ еңбек маусымының облыстық жабылуы өтті. Іс-шараға облыстың барлық аудандары мен қалаларынан еңбекқорлығымен және белсенділігімен ерекшеленген сарбаздар қатысты.
Өңірліқ Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Нұржан Ілияш атап өткендей, бұл жобаға 5 мыңға жуық адам қатысты. Бұл көрсеткіш республика бойынша ең үлкен болып табылады.
— Жастарымыз «Таза Қазақстан» республикалық акциясына және басқа да акциялар аясында белсенді қатысты, — деді басқарма басшысы. – Мұндай жобалар жастарды еңбекке тәрбиелейді, сондай-ақ оларға отбасылық бюджетті толықтыруға көмектесуге мүмкіндік береді. Жастарға еңбек маусымына қатысқан үшін және осындай игілі іс атқарғандарына рақмет айтамыз. Сондай-ақ, балаларды осындай еңбекқор етіп тәрбиелегені үшін ата-аналарына да үлкен алғыс білдіреміз.
Күннің бірінші жартысында «Жасыл ел» сарбаздары үшін жарыстық сипаттағы тимбилдинг ұйымдастырылды, соңында олар сертификаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
— Жастардың басым бөлігі Қарағандыда – 2 мың және Теміртауда – мың адам жұмыс істеді, — бөлісті Қарағанды облысының жастар еңбек жасақтарының штаб жетекшісі Сұлтан Шаймағамбет. – Барлық балалар фирмалық киіммен қамтамасыз етілді. Жұмыс барысында оларға әртүрлі ойындар, спорттық шаралар, тренингтер және семинарлар өткізілді. Сондай-ақ, балалар басқа да тәрбие беретін немесе болашақта мемлекеттік және жастар саясатына араласатындай мүмкіндік беретін үлкен мәлімет алды деп ойлаймыз. Балаларға бәрі ұнайды, жыл сайын сұраныс өте жоғары.
Түстен кейін еңбек маусымының жабылу салтанаты өтті. Іс-шара аясында «Жасыл ел» өңірлік штабтары, сондай-ақ еңбек жасақтарының капитандары алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Кеш ауқымды концерттік бағдарламамен аяқталды. Қатысушылардың алдында жергілікті орындаушылар мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.
— Бағдарлама арқылы өзіне жалпы табыс табуға болады, табиғатымызды көркейтуге үлес қосамыз, — дейді Осакаров ауданының сарбазы Әлішер Кенжібаев. – Осы жоба арқылы достар кездестірдім, жұмыс барысында көп адаммен танысып бас қосасын.
Карагандинская молодежь самая активная и трудолюбивая
В Караганде состоялось областное закрытие ХХ трудового сезона молодежных отрядов «Жасыл ел». В мероприятии приняли участие бойцы из всех районов и городов области, отличившиеся трудолюбием и активностью.
Как отметил руководитель Управления по вопросам молодежной политики региона Нұржан Ілияш, в этом году в проекте приняло участие около 5 тысяч человек. Этот показатель является самым большим по республике.
— Наши ребята приняли активное участие в республиканской акции «Таза Қазақстан» и в рамках других акций, — сказал глава управления. – Подобные проекты приучают молодежь к труду, а также позволяют им помочь с пополением семейного бюджета. Выражаем благодарность ребятам, которые занимались таким благородным делом. Хотелось бы также поблагодарить их родителей за то, что воспитали ребят активными и трудолюбивыми.
В первой половине дня для бойцов «Жасыл ел» организован тимбилдинг соревновательного характера, по окончании которого вручены сертификаты и памятные подарки.
— Наша задача – объединить молодых людей, — поделился главный специалист УВМП Жасұлан Хамитов. – В рамках проекта они получают новые знакомства и эмоции, приобщаются к труду. Сама программа пользуется большой популярностью среди молодежи, и ежегодно число бойцов увеличивается. Мы также обеспечили ребят фирменной экипировкой. Они не только приобщаются к труду, но и вносят свой вклад в улучшение экологической обстановки в регионе, для них также проводятся различного рода развлекательные, спортивные и досуговые мероприятия. В целом, ребята очень довольны данной программой.
Во второй половине дня прошла торжественная церемония закрытия трудового сезона. В рамках мероприятия благодарственными письмами и ценными подарками награждены региональные штабы «Жасыл ел», а также капитаны трудовых отрядов. Вечер завершился обширной концертной программой. Перед присутствующими выступили местные исполнители и звезды казахстанской эстрады.
— Программа «Жасыл ел» очень хороша для молодежи до 18 лет, потому как помогает им с трудоустройством, а также полезна для экологии, — говорит боец из города Абай Даян Қайрат. – Здесь я нашел друзей и познакомился со многими людьми. Мне все очень понравилось.
Всего на сайте опубликовано 65619 материалов.
Посетители оставили 247225 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.