Қасым үйінде Қарағанды облысының жастарына қатысты әлеуметтік зерттеулер қорытындысы бойынша брифинг өтті. Іс-шараны өңірлік Жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма ұйымдастырды. Отырысқа мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының және Жастар ісі жөніндегі қеңестің өкілдері қатысты.
ЖСМБ бас маманы Ұлан Омаровтың айтуынша, зерттеулер ағымдағы жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында жүргізілді. Олар төрт негізгі бағытты қамтыды.
— Шараның басты мақсаты жыл сайын облыс аумағындағы өткізілетін әлеуметтік зерттеулердің нәтижелерімен таңысу, оларды талқылау және пікір алмасу, — бөлісті ол. – Оның ішінде өзекті проблемалық сұрақтар бар. Мысалы, биыл біз жастар арасындағы девианттық қылықтарын ашып көрсеттік. Бұл яғни буллинг, лудомания, наркомания, алкоголизм секілді қылықтарды зерттеу. Сараптаманың нәтижелерін біз әрине өз жұмысымызда пайдалануға тырысамыз. Бүгінде облыс халқының төрттен бірінен астамы жастар, бұл 306 мыңнан астам адам. Оның 240 мыңы қалаларда, 66 мыңы ауылдық жерлерде тұрады.
Биылғы жылы зерттеулер сауалдау әдісімен ғана емес, сонымен қатар фокус-топтарды қолдану арқылы да жүргізілді. Сауалнамалар облыстың алты қаласы мен жеті ауданында жүргізілді. Әр тақырып бойынша сауалнамаға қатысқан сұхбаткерлердің саны 14 пен 35 жас аралығындағы 1000 адамды құрады.
— Біздің зерттеулеріміздегі басты мәселелердің бірі – «Қазіргі жастар: жағдайды талдау» тақырыбы, ол қазіргі жастардың бағыттарын анықтауға, олардың арасындағы қоғамдық-саяси жағдайды зерттеуге мүмкіндік береді, — деді жоба үйлестірушісі Әлия Искиндирова. – Биылғы жылы жастар арасындағы девианттық және делинквенттік мінез-құлық сияқты тақырыптар бізді ерекше қызықтырады. Бұл мәселеге қылмыс, құмар ойынға тәуелділік, есірткіқұмарлық, ішімдікке салыну, буллинг және тағы басқалар жатады. Зерттеудің тағы бір тақырыбы өңір жастарының құндылық бағдарларының жалпы сипатын анықтау болды.
Зерттеу нәтижелері алдағы уақытта жастар саясаты саласындағы іс-шараларды өткізу үшін мемлекеттік органдар мен жоғары оқу орындарына жіберілетін болады.
В Караганде обсудили ценностные ориентиры и приоритеты молодежи
В доме Касыма состоялся брифинг по итогам социологических исследований, касающихся молодежи Карагандинской области. Мероприятие организовало региональное Управление по вопросам молодежной политики. В заседании приняли участие представители государственных органов, вузов и Совета по делам молодежи.
По словам главного специалиста УВМП Жасулана Хамитова, исследования проходили в период с июня по сентябрь текущего года. Они охватили четыре основных направления.
— Наши компетентные специалисты представили свои результаты, — добавил он. – То есть то, на что нам необходимо сделать упор и над чем предстоит еще работать. Как вы знаете, на сегодняшний день одними из главных проблем среди молодежи являются лудомания и наркомания. И эти исследования, а также рекомендации коллег подскажут нам, как бороться с этими проблемами. Были затронуты также вопросы трудоустройства, образования, досуга молодых людей. Сегодня более четверти населения нашей области составляет молодежь, это более 306 тысяч человек. Из них 240 тысяч проживают в городах и 66 тысяч – в сельской местности.
В этом году исследования проводились не только методом анкетирования, но и с применением фокус-групп. Опросы проводились в шести городах и семи районах области. Количество опрошенных респондентов по каждой теме составило 1000 человек в возрасте от 14 до 35 лет.
— Одной из главных в наших исследованиях является тема «Современная молодежь: анализ ситуации», которая позволяет выявлять направления современной молодежи, изучить общественно-политическую ситуацию среди них, — рассказала координатор проекта Алия Искиндирова. – В этом году также особый интерес у нас представляет такая тематика, как девиантное и делинквентное поведение среди молодежи. К этому вопросу относятся преступность, лудомания, наркомания, алкоголизм, буллинг и так далее. Еще одной темой исследования стало определение общего характера ценностных ориентаций молодежи региона.
Результаты исследований в дальнейшем будут направлены в государственные органы и вузы для проведения мероприятий в сфере молодежной политики.
Всего на сайте опубликовано 66101 материалов.
Посетители оставили 247257 комментариев.
В среднем по 4 комментариев на материал.